Жолаушы

Бұл бетте «Жолаушы» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 632
Бір сапарға шыққанмын, барар жерім белгісіз,
Қайдан шықтым?
Оны да айта алмаймын. (Сенгісіз).
Маңдайыма жазылған сұрқы бөтен сұрақтар,
Жан баласы төзгісіз...
Жұлдыздардан тамады жалқын, жалқын, жалқын нұр,
Тоңазу бар бойымда, бар тағы да балқу бір.
Қанаттары қып-қызыл алауларға шарпулы,
Көз ұшында көлбеңдеп көбелектер қалқып жүр.
Тұнжыр мұңлы көздерін түнге малып кісінеп,
О, киелі пырағым, қасіретіңді түсінем.
Мың жылғы бір мұңдары енгендейін түсіне,
Көкбөрілер ұлиды көгілдір тау ішінен.
Бал бұлақтың сыңғыры, байғыздардың «түн жыры»,
Оған көңіл елітпес. (Бұл не қылған мұңлылық!?)
Ұйықтап кетем иенде жауып қиял түндігін,
Түс көремін, түсімнен оянамын шыңғырып...
Жанымды жеп жегідей жалғыздықтың дауысы,
Қайдан шықтым, тәйір-ай, барар қайсы бағытым?
Айдың нұрын жамылып Аруағым жүр жарысып,
Мен келемін сүйрелеп рухымның табытын.
...Жандар біткен қарайды жанарларын мұң арбап,
Ынтызарлық һәм олар айырылған құмардан.
Іңірдегі сұп-суық иреңдеген жыландай,
Қарсы алдымда қап-қара жолдар жатыр шұбалған...

2006 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жолаушы өлеңінің авторы кім?

Тоқтарәлі Таңжарық — осы өлеңнің авторы.

Жолаушы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жолаушы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тоқтарәлі Таңжарық өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жолаушы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері