Іздерден түрлі құралған – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Іздерден түрлі құралған» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 841
Іздерден түрлі құралған
Соқпак, қой өмір бұралған.
Күтіп тұр мені бір үміт,
Күтіп тұр алдан бір арман.
Өмірге алғы іңкәрмін,
(Сезіммен кейде мылқаумын).
Кеудемде теңіз толқыны
Жалындай жүйрік тұлпардың.
Іздерім менің – өлеңім,
Сүйенерім де сенерім.
Қанаттылардың ішінен
Құсымды таппай келемін...
Үстінде ұлы кеменің
Шайқалып елмен келемін.
Арыстандардың аузынан
Әділетті алсам деп едім!..
Кезіңде, елім, жоқ-барым,
Мақтағын, мейлі, даттағын.
Қосылсын ұлы жолдарға
Өткелсіз өмір соқпағым!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері