Соқыр түнде жыр жазып соқыр ақын – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Соқыр түнде жыр жазып соқыр ақын» атты Әбілда Аймақ жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 941
Соқыр түнде жыр жазып соқыр ақын,
Өз әлінше мәз болып отыратын.
Елемейтін оны бір көрмегенсіп
Ары-бері өтетін тоты қатын.
Құдай берер алдынан бақты күтіп,
Көңілін билеп ақынның тәтті қытық.
Жарымаған өмірі жүректегі,
Қайғы-мұңды тағы да шаттық ұтып.
Ақ қағазға өшпестей жыр егілген,
Алысатын қараңғы түнегіңмен.
Керек етпес ештеңе анық шайыр,
Жылтыры көп, пенде көп бұл өмірден.
Отыратын қиялға батып ақын,
Соқыр түнде жыр жазып соқыр ақын.
Кейде-кейде таңырқап қарайтұғын,
Ары-бері өтетін тоты қатын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері