Өлең, жыр, ақындар

Бұл фәнидің түңіліп көжесінен

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 794
Бұл фәнидің түңіліп көжесінен,
Шарап іштім әкеліп көзесімен.
Өлең да мас, мен де мас, би биледік,
Жарық дүние айрылып өз өсінен.
Сырдың суы келмеді сирағымнан,
Басыртқы жеп жырымның құймағынан.
Естен шықты бәрі де, бәрі, бәрі,
Өлтіруге ақынды қимады лаң.
Лапылдадым іштегі шерді төгіп,
Ата-баба әруағы келді көріп.
Жүрегімді үстелге қойып тұрып,
Жан-жағынан аямай пергіледік.
Ой салды ма жасаған лаңы көп,
Бізге қояр жүректің сұрағы жоқ.
Жуып-шайып сол күні бар күнәсін,
Қаны ағып, солқылдап жылады кеп...
Мен фәнидің түңіліп көжесінен,
Алып келдім шарапты көзесімен.
Ет жүрек те мас болды бір кездері
Тайып кеткен жаңылып өз есінен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмірім менің поэма

  • 0
  • 0

Өмірім менің поэма,
Өмірім менің роман.
Аяма тағдыр, аяма,
Аяған жоқ қой бір адам?

Толық

Басым сынып барады, басым сынып

  • 0
  • 0

Басым сынып барады, басым сынып,
Жарым отыр жанымда жасын сығып...
Құбыжыққа айналған қоғам мынау
Барлық сөлін ап қойған ғасыр сығып.

Толық

Қара талдар

  • 0
  • 0

Таң қаламын қарап сенің сыртыңнан,
Қара талдар, ортасынан қырқылған.
Табылар деп өткен күннің елесі,
Іздеп жүрмін бір деректі жұртыңнан.

Толық

Қарап көріңіз