Қайнар Олжайға – Ермахан Шайхыұлы

Бұл бетте «Қайнар Олжайға» атты Ермахан Шайхыұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.09.2021
  • 0
  • 0
  • 687
Шықты-дағы «Президенттің пырағы»,
Жанды Олжайдың бағы менен шырағы.
Басылымда жазып-сызып жүрді де,
Өз талантын телеарнада сынады.

Кенде емес құрметтен де қадірден,
Ада емес жұрт көрсеткен жәбірден.
Шарайнаның ұстаса да құлағын,
Бірақ өзі көрінбейді кадрден.

Кенде емес иманнан да шырайдан,
Хабарлары жанған бейне шырағдан.
Бойында бар қасиеті жапонның,
Түр-әлпеті аумаса да қытайдан.

Жақынына берер бәрін сұратпай,
Ал жауына жауабы жоқ сұрақтай.
Басылымның майын ішкен бұл Қайнар,
Арнаның да туын келед құлатпай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері