Жеңіс пе бұл? – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Жеңіс пе бұл?» атты Танакөз Толқынқызы жазған соғыс туралы өлең берілген.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 949
Жеңіс пе бұл? Жоқ әлде жеңіліс пе?
Сен сүйдіре алмайсың мені күштеп...
Шұғынықтай құлпырып шыға келсем,
Шықпай қалар құмығып демің іштен.
Мен – зәмзәммін көңілден көңіл ішкен,
Бола алмайды Сезімнен Өмір үстем.
Барлық бақыт жеңісте деп ойласаң,
Ләззат алуды үйренем жеңілістен.
Бір шық жерге құласа мөлдіреген,
Хабар айта көрмеңіз: «Өлді!» деген.
Жеңілісім жеңіс ол... желбіреген...
Хат та күт пе, хабар да енді менен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері