Сен менiң жүрегiмдесiң – Құралай Омар

Бұл бетте «Сен менiң жүрегiмдесiң» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1037
Сен менiң жүрегiмдесiң, жыр елiмдесiң.
Адасқанда өмiрдiң түнегiнде шын.
Жол көрсетер бағдаршым, тiрегiм де-сiң.
Әйтеуiр ең iзгi тiлегiмдесiң.
Сен менiң арманымдасың, ар, қанымдасың.
Нәп-нәзiк кiрбiңi жоқ қар – жанымдасың.
Жарқ етiп сөнгенiнше жалғаным – жасын,
Тәкаппар талғамымдасың.
Сен менiң сөздерiмдесiң, кездерiмдесiң.
Белгiлi, басқа жанды көзге де iлмесiм.
Өзiң ғана сыр тұнған көздерiмдесiң
...Түсiме өзге кiрмесiн...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері