Тылсым түн

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 572
Айналамды тұмшалады соқыр мұң,
Ай жылады.
Жасын сүртіп отырмын.
Бір дәруіш күбірлейді дұға оқып,
Шіркеу жақта шоқынады шоқындың.
Қанжығама жүргендей-ақ сый байлап,
Түннің жайын қоямын мен кейде ойлап.
Түнгі аспанға ізін тастап ақ жолақ,
Жұлдыз ақты.
Өтті өмірден бір бейбақ.
Түнгі өмірдің талақ еткен дастанын,
Көктегі айға аң-таң боп тұр аспаным.
Тал тағы да сұлық қалды қимылсыз,
Жапырағын сілкіп алып қас-қағым.
Тұтып еді осы түнді дос-үлгі,
Мендік көңіл тағылықтан шошынды:
Тылсым-түннің тыныштығын тілгілеп.
Қарға үніне байғыз даусы қосылды.
... Ұсынады өмір маған өрін кіл,
Болады екен қай ғасырда төрім гүл?!
... Байғызыңның басып озып сұңқылын,
Ит ұлыды.
Қу басыңа көрінгір!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тылсым түн өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Тылсым түн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Тылсым түн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тылсым түн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері