Көктем екен – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Көктем екен» атты Алма Түсіпбекова жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 597
Көңілшектеу көк аспан,
Жасын төкті тағы да-
Бағытынан адасқан,
Жете алмаған бағына.
Жер сабырлы қалпында,
Басу айтты аспанға.
Күн күледі алтындай,
Жылу есіп тастан да.
Жасын сүртті жылы жел,
Көңілшектеу аспанның.
Тұңғиықтың жыры – көл,
Толқынды би бастады.
Тұр, тағдыр-жел өтіне,
Қажет емес қайта есеп.
... Шықты жердің бетіне,
Қарды жарып бәйшешек.
Қайта оралды көңілге,
Құстарменен, текті арман.
... Шаттық болып төгілген,
Көктем екен, кеп қалған...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері