Ұшақ аңдып, телмірдім аспан жаққа – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Ұшақ аңдып, телмірдім аспан жаққа» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 591
Келем дедің.
Содан бастап сен жаққа елеңдедім.
Бақытты өмір тағы да басталмақ па,
Ұшақ аңдып, телмірдім аспан жаққа.
Іздесеңіз табасыз мені бақтан,
...Қызыл көйлек – үстімде, сен ұнатқан.
Қарсы тұрдым қанша жыл қанша мұңға,
... Сен сыйлаған сол жүзік саусағымда.
Мойынымда - әдемі тасты алқам да,
Ас үйдегі жаюлы дастархан да.
Сені көрмей қалайша жай табамын,
Сүйем деген сөзіңді қайталадым.
Саған деген сезімім – табынысым,
Сары түске боялған сағынышым.
Жаным!
Жаным!
Мен сенің – құрбандығың,
Ұшқышқа айтшы, арттырсын жылдамдығын!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері