Қаздар ұшты көлсіз – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Қаздар ұшты көлсіз» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2215
Жыладың ба, күрсініп?
Шыны маған күмән.
Қабырғасы ырсиып,
Ақыл іштен тынар.
Күлдің бе екен менсіз,
Күмбірлеп ән кеудеңде?
Қаздар ұшты көлсіз,
Биік-биік. Шерменде...
Жұбандың ба дерексіз,
Өзіңді-өзің алдап?
Кейде ешкімге керексіз-
Қарайды өмір арбап.
Бәрі саған жарасты,
Кім қатесін көрген?
Ай-көрікті, адасты.
Мен де соған сенгем...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері