Жиырма жас
Бұл бетте «Жиырма жас» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сан арман, сар арпалыс үмітпенен,
Кеудемде мөлдірліктен тұныпты өлең,
Жылғада жүгірген бір бұлақтай боп,
Жиырмаға шықтым, міне, жігітпін мен!
Жиырма жас – жалын жанған жәудір аспан,
Жиырма жас биіктікті, тауды ұнатқан,
Самғайды сұңқардайын сыр көгінде,
Талғайды кең далада таңды да атқан.
Жиырма жас – жібек желдей гүлді үрлеген,
Қос шектей кең далада күмбірлеген.
Жиырма жас тасқа басты соқтырса да,
Кезінде байқатпаған, білдірмеген.
Жиырма жас – тың даладан күш тапқандар,
Жиырма жас – жайдары жаз, сұсты ақпандар.
...Әттең, әттең күш жоқ-ау бұл жалғанда
Жиырма жастың жылдарын ұстап қалар!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі