Мергеннің әңгімесі – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Мергеннің әңгімесі» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 613
Айналып өтіп едім Айнакөлден,
Қалың құс қапталдады қайдан келген.
Су кешіп қамысақтан мамыр қусаң,
Қызығың ештеңе емес жайда көрген.
Мергеннің екі көзі шүңірейіп,
Ұңғысы қос ауыздың үңірейіп.
Қаталап қырқа жақтан шөлдеп келіп,
Шәрбатын Айнакөлдің сімірейік.
Мөлдір су көңіл кірін шайып кетсін,
Жотасы күдірейіп жайық көктің.
Толтырып қанжығамды құсқа теңдеп,
Бір күнде, ағайындар, байып кеттім.
Емес ем еңбегімді сатқан кісің,
Болатын басымырақ жаттан мысым.
...Тіріліп ішек-қарнымды тырналап жүр
Бейкүнә баяғыда атқан құсым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері