Бір ой мені өртеп жүр

Бұл бетте «Бір ой мені өртеп жүр» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 507
Бір ой мені өртеп жүр,
Үмітім бе ертеңгі?!
Ұғына алмай досым жүр,
Түсіне алмай еркем жүр.
Соның бәрін қағазға
Түсіре алмай көркем жыр.
Бір ой мені өртеп жүр.
Оймен ғана ағарған
Адамдардың ақ басы.
Оймен ғана жаңарған
Дос көңілі, дос нәші.
Айналып кеп ақылға
Бір тірейсің ат басын.
Ойсыз өмір – уайым,
Ойсыздықтан құдайым
Әрқашанда сақтасын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір ой мені өртеп жүр өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Бір ой мені өртеп жүр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір ой мені өртеп жүр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір ой мені өртеп жүр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері