Өлең, жыр, ақындар

Құдаша

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1249
Ілік едім Стай мен Құбашаға,
Жүріп едім астымда ат, құба шана.
Біліп едім ішінен қауым елдің
Кездесем деп қынай бел құдашаға.
Көзін сүзіп жалтақ жұрт сынаса да,
Құрғыр көңіл тыншымай түн аса ма.
Сырт айналып, сыр бермей жүре бергем,
Жанға жақын жай тауып ұнаса да.
Қымырандай ашытып ішті сезім,
Бұл менің ыссы кезім, сұсты кезім.
Арт жағымнан Құбаша түртіп қалды,
Қасындағы Стекең қысты көзін.
Қыпылықтап қарадым, үн жоқ төмен,
Кеткендей-ақ үгіліп құм боп денем.
Есік жақтан бір еміс үн естілді:
«Қарағым, құдашада құн жоқ» деген.
Кім бар дейсің алдамшы жалғанды ұққан,
Ащы сезім бір рет балдан жұтқан.
Ұтылдым ба, білмеймін...
Ұрымтал жер
Сөз айта алмай ұялып қалғандықтан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Махамбет және Жәңгір хан

  • 0
  • 0

Армысың,
Асыл
Алдаспан!
Арнадым саған

Толық

Ақ шаш туралы ақиқат

  • 0
  • 0

Шашымның ағы –
Басымның бағы деймін мен.
Айтамын тағы
Ықылас,

Толық

Үш жара бар жүрегімде

  • 0
  • 0

Қан жоқ,
Сөл жоқ сұп-сұрғылт реңімде,
Қалай төзіп барамын тірі өлімге?!
Емі-домы әзірге табылмай тұр,

Толық

Қарап көріңіз