Қайырлы таң, достарым! – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Қайырлы таң, достарым!» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тау гүлдеді, бау гүлдеді,
Тамылжып тұр таң да арайлы.
Жас көктемнің балғын демі
Балбыратты бар маңайды,
Көкте күнім, жерде гүлім
Сәулем шашып тұр әлемге,
Құста бүгін, көл де бүгін
Қосылады бір әуенге.

Қайырмасы:
Бірге толқып қырлары да, нулары да,
Мөлдіреген аспаны,
Гүл жамылған, нұр жамылған туған дала
Өмір жырын бастады.
Кең далаға, ел-анаға
Қайырлы таң, қайырлы таң, достарым!

Таудан құлап, ақсын бұлақ,
Қақсын қанат бауларына.
Гүлге оранып жатсын қырат,
Жетсін бәрі арманына.
Тоқтамасын ұландардың
Қуанышы, күлкілері,
Бәрінің де бір арманы,
Бәрінің де бір тілегі.

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері