Анасын адам сата ма?

Бұл бетте «Анасын адам сата ма?» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 681
Сыздайды жүрек ызадан,
Тигендей таяқ денеге.
О заман да, бұ заман
Жер сатқан деген немене?!
Бұл сөзге қалай нанамыз,
Шындыққа, сірә, жата ма?
Жер – біздің туған Анамыз,
Анасын адам сата ма?!.
Қайғыға толды көкірек,
Көзімнің жасын тия алмай,
Қаратауымның бетіне
Қараймын қалай ұялмай?!
Қазақтың қайран даласы-ау,
Болды ма белің талғандай.
Арайлы, асқақ Алатау
Аз күнде жүдеп қалғандай!
Арқаның асау желдері
Темірдей қатты тыңайып...
Көкшетауымның көлдері
Қарайды маған мұңайып.
Халқым-ай қайран...
О, тоба!
Осы ма кезің сорлаған.
Бұл жерді батыр аталар
Қанымен ғана қорғаған.
Дәм-тұзын талай таттырған
Жерімді әлі баптаймын.
Шығуға жаны шақ тұрған
Аралдың өзін сатпаймын.
Алқымнан алып бір тымау,
Күшейтті жанның жарасын.
Саудаға салақ жұртым-ау,
Жер сатып қайда барасың?!
Түскендей басқа күллі азап,
Жер сатқан деген немене?
...Бәріне төзген бұл қазақ
Бұған да енді көне ме?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Анасын адам сата ма? өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Анасын адам сата ма? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Анасын адам сата ма? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Анасын адам сата ма? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері