Мен қалай «шала қазақ» атандым?
Бұл бетте «Мен қалай «шала қазақ» атандым?» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бейбіт елде болмаса да қатал күн,
Бейқам жүріп «шала қазақ» атандым.
Арғы тегін анық білмей атамның,
Ар-намыссыз «шала қазақ» атандым.
Қасиетін қастерлемей сақалдың,
Қас надандай «шала қазақ» атандым.
Мағынасын түсіне алмай мақалдың,
Масқара боп «шала қазақ» атандым.
Жайын ұқпай «жағрафия» – жаһанның,
Жайдақ жүріп «шала қазақ» атандым.
Мәнін білмей әуен, әуез, мақамның,
Мәңгүрт болып «шала қазақ атандым.
Бұлақ едім – таусылуға тақалдым,
Булықтым да – «шала қазақ» атандым.
Ашық күнде шырмалдым да, шаталдым,
Ашындым да – «шала қазақ» атандым.
Құса болып құстым, талай қақалдым,
Құсылдым да – «шала қазақ» атандым.
Өз баласы болам қалай Отанның,
Өз үйімде «шала қазақ» атандым!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі