Өлең, жыр, ақындар

Аспаннан да асқақ-ау

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 510
Аспаннан да асқақ-ау
Ақындардың арманы.
Қолдан қылыш тастамау –
Батырлардың арманы.
Туған жерге гүл өссе,
Ол да болса қуаныш.
Жарқын жайсаң жыл өтсе,
Ол да жанға жұбаныш.
Туған жерге әлдекім
Жиіркенішпен тас атса,
Қайғы шегіп қам көңіл,
Қара түнде қош айтса.
Жауыздықтың сондағы
Белгілі ғой өлері.
Батырлардың қолдағы
Қылышындай өлеңі.
Нағыз ерлер өледі,
Солар үшін налалы ел.
Қылыш кескен денені
Құшақтайды қара жер...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аспаннан да асқақ-ау өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Аспаннан да асқақ-ау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Аспаннан да асқақ-ау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аспаннан да асқақ-ау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері