Бұл бетте «Арал мен Балқаш арасы» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Арал мен Балқаш арасы –
Көзімнің ағы-қарасы.
Жабырқау – жадау жанымның
Жазылмай жатқан жарасы.
Арал мен Балқаш арасы,
Қазақтың байтақ даласы.
Кеулеген ішін жүректің
Кеудемнің мұңы – наласы.
Арал мен Балқаш арасы,
Алаңсыз бір сәт қарашы.
Өлшеусіз жатқан қазына,
Өлкемнің сайы, саласы.
Арал мен Балқаш арасы,
Айтылса сөздің сарасы.
Ұранға құрғақ айналмас
Ұрпақтың дауы, таласы.
Арал мен Балқаш арасы,
Адамнан ба екен жаласы?
Азаға сені қалдырмас
Азамат Ердің баласы!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі