Уақыт – Ислам Қосжан

Бұл бетте «Уақыт» атты Ислам Қосжан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 576
Есіл уақыт –
Есіл үміт!
Есі шығып, есі кіріп, жағаласып жармасқан,
Жалғау-жалғау лентадай кесіп, үзіп, жалғасқан.
Несі қызық?!.
Мен бе қуған, ол қашқан,
Жолдар жатыр көңілінде мұң басқан.
Бір-бірімен өмірінде торғай, жылан арбасқан,
Алжасқан, деме.
Алыстайды күндегіден таңғы аспан,
Бұлттар анау қап-қара боп шаң басқан.
Қаңбақтай бір ұшып жүрген, қонбастан,
Адасқан, неге?..
Үйірінен шығып алып қаңғыған,
Не дегеде, не шығады ал, мұнан?!
Тағы сондай үйір шығар алдынан,
Аңдыған, деме.
Есір уақыт, алжыған неме!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері