Өмір һәм жалған

Бұл бетте «Өмір һәм жалған» атты Ислам Қосжан жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 430
I
Өмір жалғанмен,
Бөлінбейді.
Жоқ болғанмен,
Бар,
Көрінбейді.
Шаттығың көп көрген,
Ошағы ән-жырдың.
Күркіреп өткен көктемнен,
Өткінші жаңбыр қалдырдың.
Асыққан әр күнің – жолаушы,
Бұрылып қаратпай.
Тырсылы тамшының санаулы,
Өткен сағаттай.
Шақырса баратын, өзі келмейтін,
Қонақтай.
Тамшыдай таматын,
Өмір, өлім – көрінбейтін,
Қос жолақтай!..

II
Құмартқанмен тағдырыңды білуге,
Өмір деген ең ұзынның қысқасы.
Құрылыстар көрінбейтін жүруде,
Әркім де өз өмірінің ұстасы.
Жан азабы көрінгенмен көңілде,
Келер күнің бір ісіңнің нұсқасы.
Кездейсоқтық болмайтындай өмірде,
Болатынның жоқ сияқты басқасы.
Бұлыңғырлау өміріңнің ертеңі,
Кім несімен мақтанбақ?!.
Бала күнгі көрген түсің ертегі,
Үлкедігің өтіп жатқан өткен шақ.
Балалықтың болса дейсің бәрі шын,
Қиял менен ертегінің ғажабы.
Жақындаса жақын болып алысың,
Алыстағың қуаныштың базары!
Келгенің шын, кеткендегі жол қалай,
Қанша жүріс келер күннен бұйырған?!
Өмір деген көрген түсің, ол солай,
Өлу деген, қою нүкте құйылған!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір һәм жалған өлеңінің авторы кім?

Ислам Қосжан — осы өлеңнің авторы.

Өмір һәм жалған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір һәм жалған өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір һәм жалған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері