Шатақ

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 766
Тұра салып төсектен,
Жанжалдасты Есеп кеп.
– Сен алдың, – деп, – ақшамды,
Бiрден маған бас салды.
– Түзу ме есiң, ақылың,
Қайдағы ақша ол, батырым?
– Жасырғанмын жастыққа.
– Жөнiңдi айтшы,
Аптықпа.
– Үш сом берген, жаңа атам,
Жоқ қой қазiр, соны айтам.
– Қашан бердi?
– Түсiмде.
... Не дерсiң бұл iсiне.
– Ол түсiң,
Бұл өңiң ғой!..
Өң мен түстi бiлмейтiн
Мынауың бiр керiм ғой.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шатақ өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Шатақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Шатақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шатақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері