Өлең, жыр, ақындар

Амал

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 858
Кiшкентай бөбегiм
Ұйқыға кiрiстi.
Осы едi керегi,
Қолға алдым бiр iстi.
Отырмын жұмыс қып,
Тыныштық орнады.
Бiрақ
Бұл тыныштық
Ұзаққа бармады.
Оянып бөбегiм,
Ескi əнiн бастады.
Бiтпедi өлеңiм,
Жыртып ол тастады.
Жəне де келе сап,
Мойныма асылды.
Сынды да қаламсап,
Қағазым шашылды...
Бөпеме қылықты
Таптым мен амалды.
Асырдым қулықты,
Бұл əдiс жарады.
– Кəнеки,
Кел, – дедiм, –
Мұрныңды сүртейiн!
Сол екен,
Бөбегiм
Бұрылды кiлт кейiн.
Қайтып ол бөлмеге
Қойды бас сұққанды,
Мазалап əрнеге,
Басыма шыққанды.
Маған ол келсе ендi,
Жағалап,
Икемдеп,
Қорқытам:
– Мен сенiң
Мұрныңды сүртем! – деп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қырықаяқтың күйі

  • 0
  • 0

Көпшiлiктiң жүретiн
Мазағы боп,
Қырықаяқтың көрмеген
Азабы жоқ.

Толық

Отырмын

  • 0
  • 0

Бар кiшкентай мысығым,
Көздерiнiң қысығын!
Жұмсағын-ай жүнiнiң,
Титтəйiн-ай тiсiнiң!

Толық

Поезд жүріп барады

  • 0
  • 0

Станция алаңы,
Поезд жүрiп барады,
Жол ашық деп хабарлап,
Светофор жанады.

Толық