Поезд жүріп барады – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Поезд жүріп барады» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1270
Станция алаңы,
Поезд жүрiп барады,
Жол ашық деп хабарлап,
Светофор жанады.
Поезд жүрiп барады,
Үнi құлақ жарады.
Вокзалдағы кезекшi
Оң жол тiлеп қалады.
Поезд жүрiп барады,
Дүрс-дүрс соғып табаны,
Еңбек күйiн шертедi,
Домбыра етiп даланы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері