Қызық – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Қызық» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1302
– Мұндай қызық көрмедiм,
Күлкiден сəл өлмедiм.
Келе жатыр көтерiп
Төрт түлiк өз төлдерiн.
Сырын сайтан бiле ме?
Құлын отыр
биеде.
Бұзау отыр
Сиырда.
Ал ботақан –
Түйеде.
Күлкiлi жай, өзi шын,
Қой арқалап
қозысын.
Лақ отыр
Ешкiде,
Бос келмейдi ешкiм де. –
Деген едiм, Демесiн
Бiлмей сенер-сенбесiн,
Аузын ашып таң болды,
Байқап тұрмын, дал болды.
Көбейдi оның күңкiлi,
– Айтқандарың күлкiлi,
Иə, саған өтiрiк
Айтасың, – деп бұртиды.
Арқалауды бiле ме,
Құлыншағын
Биелер.
Бұзауларын
Сиырлар,
Ботақанын
Түйелер.
– Əйтпесе өзiң, Демесiн,
Биыл «беске» келесiң,
Арқасына əжеңнiң
Неге мiне бересiң?
Сенi көрiп қалған ғой,
Өрiске олар барған ғой.
Өзiң құсап
«көтер» деп,
Жылап жатып алған ғой...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері