Періште – Хамит Есеман

Бұл бетте «Періште» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 687
Жарым түнде періште қақты қанат,
Қақты қанат қылуға Хақты мадақ.
Ауадан Алла демі аңқығанда,
Жұпары кеңістікке жатты тарап.
Ар ісі ақын дейтін атым барда,
Құдайға дұға етпеуге хақым бар ма?
Дүниеге жыр келген күн Алла қалап,
Періштені жіберді ақындарға.
Тағдырларын алғанда шайқап енді,
Ақынның жүрегінде сайтан өлді.
Түнде ұшқан періште таңға қарай,
Аллаға сүйіншісін айта келді.
Ауызымда айтатын арзам қалып,
Жүрген шақта айналам арзан танып.
Періште қанатынан жыр саулады,
Алқаракөк аспаннан маржан тамып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері