Бес күн тiрлiк – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Бес күн тiрлiк» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.09.2021
  • 0
  • 0
  • 680
Бес күн тiрлiк... жеткiзбедi-ау мұраттар,
Анталайды шешiмi жоқ сұрақтар.
Адамдарды әлдеқайда асыққан,
Алып қалып жатыр мұңлы қыраттар.
Жұмбақ сестi сезiнесiң моладан,
Ей, жолаушы, абайлап жүр, бол аман.
Алып қалып жатыр, әне бiртiндеп,
Адамдарды ақ кебiнмен ораған.
Өмiр солай... кiмге бүгiн сын тағам,
Айту үшiн менi осында жұмсаған.
Жақсы менен жайсаңын да кешегi,
Төмпешiк қып топырақпен қымтаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері