Торғай – Сұлтан Қалиев

Бұл бетте «Торғай» атты Сұлтан Қалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Торғай, торғай, тондың ба?
Тұра алмайсың орныңда.
Бiр қонасың, бiр ұшып,
Дiрiлдейсiң бүрiсiп.
Үйге кiршi, торғайым,
Сары аяздан қорғайын.
Үйшiк жасап берейiн,
Алдыңа жем төгейiн.
Күн жылып, қар кеткенде,
Босатайын көктемде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері