Тұлпар

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3595
Бойынан аулақ қалып жай күнгі мұң,
Арғымақ ұшқалы түр, пай, дүлдүлің! —
Сәуріктер енді мұны тепкілемей,
Шоқтығын жұлмайды енді айғыр мұның.
Тепкі жеп көп жабыдан мұңданғанда,
Ұғатын дел-сал жанын кім бар маңда?!
Күшті жоқ енді бұдан бұл өмірде,
Жүйрік жоқ енді бұдан бұл жалғанда.
Арғымақ тарс ұмытты сойқанды әңгі,
Күрсініп сағым-сауыр байтал қалды.
Іштегі атауы жоқ армандарын
Аспани шабысымен айтар мәңгі.
Даланың тірі болса төбелері,
Ұмтылар қанатынан демегелі.
Ғасырлап аңсап жеткен бәйгесінен
Дәл бүгін — не өледі,
Не келеді!..
Пырақтың тұяғынан үн шығып бір
Кеткенде,
Қалды неге күрсініп қыр?..
Беу, тұлпар, қыршын-арман сапарында
Күйбеңін теуіп кетті-ау тіршіліктің!..

1979 ж.
Қарамандыбас 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұлпар өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Тұлпар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Тұлпар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұлпар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері