Тербетеді бір әуен – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Тербетеді бір әуен» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 670
Өкінбеймін осылай кетеріме,
Мынау жұртпен келе алмай ымыраға.
Шөлдемеймін сендік ой жетегінде,
Жармасады басқалар құмыраға.

Күн көзіне төседім көңілімді,
Көлеңке іздеп басқалар үйге қашты.
Тербетеді бір әуен мені мұңлы,
Кеште бәрі ән салды, биге басты.

Көлге және шомылды, шомдым ойға,
Мұның бәрін сол бір жан сезді ме екен?
Қалмай қойды бір елес барсам қайда,
Әуре боп несіне келдім екен?

Алтын моншақ аспанға түйреп жатқан,
Жарық болып кеткендей кеш бірдемде.
Алты қырдан ары таман хабарласқан,
Дәл қасымнан дауысың естілгенде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері