Тым көңiлсiз – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Тым көңiлсiз» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.09.2021
  • 0
  • 0
  • 661
Тым көңiлсiз
өттi қызық күзiң де,
Қыздар маған хат жазбайды бүгiнде.
Құлағына сыбырлап мен ақырын:
«Ұлы шайыр болам дегем түбiнде».
Жота жатты
жазыла алмай ұйқы орап,
Сағым жақтан ойналғандай күйтабақ.
Төмен қарап үнсiз тұрдың ойлана,
Қара ағаштың қабығынан сипалап.
Ерте бiлдiм
беретiнiн тiлдiң не,
Тiлсiз өмiр сүрмедiң не, сүрдiң не.
Үнсiз ғана қимай қарап тұрып ең,
Тым алысқа ұшарымды бiлдiң бе.
Көкiрегiмде
тау теңселiп, күн күлген,
Ұлы шайыр шықпас,
бәлкiм... кiм бiлген.
Туған ауыл,
аяулы қыз,
қалды артта,
Қара жолмен көкжиекке сiңдiм мен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері