Жеңеше әні – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Жеңеше әні» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 4117
Қайным, қайным, есіңде ме жеңешең?
Жүдеуші едің құрт, майымды жемесең.
Жақсы үмітті жоғалтқандай болушы ем,
Күніне бір «жеңешетай» демесең.
Қайным, қайным, бір соғып кет жеңгеңе
Сағынышым сияр емес кеудеме.
Ақ алжапқыш байлап берік беліме,
Қара шашым құндыздай боп төгіле.
Отырғанда сүттен қаймақ, айырып,
Әніме арнап қоса берем сені де.
Жақсы қайным, бір соғып кет жеңгеңе,
Сағынышым сияр емес кеудеме.
Айлар өтті, жылдар өтті - санаймын
Қайтып жатыр күткендері талайдың.
Келе жатқан алыстағы сен бе деп,
Ұзын жолға ұзақ аңсап қараймын.
Қайным, қайным, бір көрінші жеңгеңе,
Сағынышым сияр емес кеудеме.

1955


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері