Қолдайды – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Қолдайды» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

«Торғай неге тонбайды?»-
Білмек болып бұл жайды,
Сауал қойсам, деді атам:
«Жаратушы қолдайды!»

Соның бәрін өзіме,
Көрсеткенде көзіме,
Намаз оқып жүретін,
Сендім ата сөзіне.

Балықты да судағы,
Жәндікті те құмдағы,
Аспандағы құсты да
Жаратушы қолдады.

Бүркіт көкте самғайды,
Үркек қоян заулайды.
Адамды да жердегі,
Жаратушы қолдайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері