Жоғалтып алсаң – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Жоғалтып алсаң» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 666
Жоғалтып алсаң табылмай қаламын,
Көрінбес қайта сағымдай боламын.
Әйнек көңілді бір сызат алса,
Еркіңе сенің бағынбай қаламын.

Келмеймін мейлі жылдап күткейсің,
Қатқан шеменді тырнап бітпейсің.
Бұрынғы шақтай өзіңді ойлатып,
Бар уақытымды ұрлап бітпейсің.

Артыңнан қуып өкшелей алмаймын,
Сезімнен өрнек кестелей алмаймын.
Теңселсең дағы селт етпей қоям,
Жоқ нәрселерге өкпелей алмаймын.

Түбінде бәрі бола ма жалған?
Ойыңда күдік санада арман.
Өмірге теңіз лақтырсаң тастай,
Ойламан сені жағада қалған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері