Өлең, жыр, ақындар

Жабық жүрек

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 564
Жүрегімнің қақпасы жабылғаны,
Шығар бәлкім өкпенің қабынғаны.
Қатып қалған бір тамшы жастай болып,
Ауыртады кеудемді тастай болып.

Осы шығар сезімнің суынғаны,
Жүрек тұсым мұздай боп жылынбады.
Кім бар дейсің бұл күйді қалап алған,
Осы шығар оңбастай жараланған.

Қасына да жамандық ойламайтын,
Тарс жабылды жүрегім қоймадай шын.
Ақыл дейтін айтқанмен досы кеңес,
Күнде ашылар дүкеннің есігі емес.

Баяғыдай өрекпіп басылмайсың,
Ала таудың қар жатқан басындайсың.
Міз бақпайсың төкседе таң шуағын,
Ызғарыңнан ығыстым қалтырадым.

Нәзік едің гүлден де шықтан мөлдір,
Тілдесіп ең құспен де ұшқан зеңгір.
Сезімдерге сені артық бағалаған,
Такаппар ең бұрылып қарамаған.

Дамылдауға ертерек асықпағын,
Сені күткен білсең ғой бақыт барын.
Сағынышты қамықпа тауыса алмай,
Ауасымен Алтайдың қауыша алмай.

Ақ өзені шаттықтың ағылса екен,
Тәтті күймен сол қақпа қағылса екен.
Сарайыңнан ақ сезім алып ұшып,
Мейірімге тойса екен қанып ішіп.

Мұның бәрі әзірше арман ғана,
Жүрек жабық!
Ештеңе армандама!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күрең жапырақ

  • 0
  • 0

Түстікке қарай
Жөнеліп жатты құстар көп.
Жүрсеңші бірге!
Алдыңда аппақ қыс бар деп.

Толық

Шешеме хат

  • 0
  • 0

Қырда гүлім көктеді деп қуандың,
Жайқалтам деп шақырымнан су алдың.
Қас-қабағын бақтың желдің жаңбырдың.
Ол шөлдесе бірге қаңсып қуардың.

Толық

Кешірдім бәрін кешірдім...

  • 0
  • 0

Жоғалды десем, бар екенсің ғой,
Оқыстан тауып алғаным.
Біреуге жақсы жар екенсің ғой.
Орындалды ма арманың?

Толық

Басқа да жазбалар