Сілкін - сілкін ой - сана! – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Сілкін - сілкін ой - сана!» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2475
Нені жолға қойса да,
Әр сәтіңді той сана!
Өзіңе өзің көмектес,
Сілкін-сілкін, ой-сана!
Көз ілмеген түндерім,
Жазылмаған үндерім,
Күле алмаған күндерім -
Баянсызын білгенім.
Өмір беріп кіл сыртын,
Келтірмесе бір күлкің.
Көмегі не өзгенің
Өлең жазып, бір сілкін!
Нені жолға қойса да,
Әр сәтіңді той сана!
Өзіңе өзің көмектес,
Сілкін-сілкін, ой-сана


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері