Сыйлады тағдыр ақындық ғұмыр – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Сыйлады тағдыр ақындық ғұмыр» атты Қасымхан Бегманов жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 779
Сыйлады тағдыр ақындық ғұмыр,
Жанымды мәңгi қинады.
Арадағы бұл жақындықты бiл,
Маңдайға бақыт сыймады.
Ақындық ғұмыр сор менен бақыт,
Көктем мен күздей алмасар.
Ақындық ғұмыр көр менен уақыт,
Жағаңа қабат жармасар.
Ақындық ғұмыр өткiншi жаңбыр,
Күркiрер, құяр, селдетер.
Екiншi өмiр...
басталар таң тұр,
Туған топырақ тербетер.
Ақындық ғұмыр қалар дәптерде,
Азабы жүк қой жүз нарға.
Жабыққан жалғыз қиын сәттерде,
Сүйендiм ерке қыздарға.
Ақындық ғұмыр көздiң жасы бұл,
Аяулы сәтте таматын.
Ақындық ғұмыр сөздiң басы бұл,
Әдемi ән боп қалатын.
Ақындық ғұмыр күлкiсi қыздың,
Нәзiк қоңырау сыңғыры.
Ақындық ғұмыр, түлкiсi түздiң...
...Үзеңгi, жүген сылдыры...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері