Сүйдім өмірді сыртынан
Бұл бетте «Сүйдім өмірді сыртынан» атты Айсұлу Рүстемова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күн тұман.
Сүйдім өмірді сыртынан.
Ішімнен өртеніп
Жүзімнен құлпырам.
Күн жаңбыр.
Жер беті жыбырлап құрдан құр.
Балалар күлімдеп Күндейін.
Ағаштар күрсініп тұрған -біл.
Күн шуақ.
Айналған анаңдай ұрсып ап.
Сәулеге малшынды жүрегім,
Табиғат тұр сынап.
Күн тұман.
Сүйдім өмірді сыртынан.
Ішімнен өртеніп,
Жүзімнен құлпырам.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі