Ауылыма – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Ауылыма» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1576
Көкжиектен ары қап сағым басса,
Сағым басса, мүмкін бе сағынбасқа?
Тел құлындай өсірген туған ауыл,
Сен дегенде шығарда жаным басқа.
Тасаланып тауларың көк пердені,
Көз жаздым-ау көркіңнен көптен бері.
Сағындым ғой тоқымдай ақ бұлтыңды,
Қазын күткен көлдердей көктемдегі.
Аңсадым мен ботакөз бұлағымды,
Ауыздықсыз, алаңсыз бұла күнді.
Кімдер менің үйреткен анау жылғы
Ат қып мініп жүр екен құнанымды?..

1970


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері