Анама

Бұл бетте «Анама» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1505
Болсын деп шаңырақ пен босаға аман,
Көңілін күн нұрына тосады анам.
Ошағын көсеп қойып, отыратын
Бір өмір басталардай осы арадан.
Жұтқанмен жақсы күнді жыл өңеші,
Жасырын жанарымда жүр елесі.
Мазасыз сол кездерде маздап жанған
Екен ғой жан анамның жүрек оты.
Демеймін тағдыр жазып несібені,
Өз қолым өз аузыма жетіп еді.
Қанжардай қара тасқа қайрайды әлі
Анамның жүрегінің оты мені.
Болсын деп мынау алтын босаға аман,
Көңілін күн нұрына тосады анам.
Көсеймін кеудемдегі қызыл шоқты,
Бір өмір басталардай осы арадан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Анама өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Анама өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Анама өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Анама өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері