«Қозыбақ» сазы – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте ««Қозыбақ» сазы» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 765
Бір күй кетті сахнада күмбірлеп,
Бара жатыр жүректегі мұңды үрлеп.
Күй әуені қайрады да жігерді,
Қайта зарын төгіп-төгіп жіберді.
Ақ табаны қара тасқа тілініп,
Аттады, әне, бала Құрман тіріліп.
Құйылады қозы суға жамырап,
Күмбірледі домбыра да қағып ап.
Қутыңдады көз алдымда қозы-лақ,
Сыңқылдады құлағыма «Қозыбақ».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері