Суығыңа тоңбас ем – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Суығыңа тоңбас ем» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 891
Суығыңа тоңбас ем,
Жүрегіңді куә ғып.
Күтпесің бар, сонда сен
Неге қалдың мұңайып?!
Асқар тау сап араға,
Жат құшақтан жол таптық.
Жазылмайтын жараңа
Кеттің мені ортақ қып.
Өксігімді басуға
Жан емеспін тіленер.
Өзің жаққан басында
Өз отыңа күйе бер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері