Тарбағатайға – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Тарбағатайға» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1224
Жасырын жүрген бір мұңға
Жалындап барып батайын.
Өзгеше еді-ау бұлтың да,
Туған жер – Тарбағатайым.
Жеткізіп көкке төбемді,
Талыңнан таңдап ат міндім.
Кінәсіз сәби денемді
Суыңа мөлдір лақтырдым.
Кетсем бір ойға көміліп,
Сағыныш-самал тербейді.
Ақ басты таулар көрініп,
Құшағын жайып, кел дейді.
Сырына қанбай шың-құздың,
Аңсаймын алыс қияннан.
Арманнан арман туғыздың,
Ұшып ем ыстық ұяңнан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері