Өлең, жыр, ақындар

Ағалар-­ай!

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 4203
Ағалар­-ай!
Барында аз ғұмырды бағаламай,
Абайсыз адаспаңдар бір­біріңнен,
Жарықта жайнап тұрған самаладай.
Болғанда халық – теңіз шалқып жатқан,
Өздерің – шырылдайтын шағаладай.
Әттең, ағалар­-ай!
Ағалар­ай!
Ауылын пенделіктің жағаламай,
Басына бір төбенің жиналсаңшы,
Андыздап әр бұтаны сағаламай.
Түбінен бір жүректің табылсаңшы,
Бауырды бөліп­жарып, алаламай.
Әттең, ағалар­-ай!
Ағалар-­ай!
Көңілін інілердің жараламай,
Бірге ұшып, бірге қонып жүрсеңдерші,
Қатарын бұзбайтұғын бал арадай.
Өздерің қонақтайтын бәйтеректің
Тамырын балталамай, араламай.
Әттең, ағалар-­ай!
Ағалар­ай!
Тартысып бір­біріңді табаламай,
Шоқыға шығарсаңшы хан көтеріп,
Жақсыңды жарға қуып қамаламай.
Аңдыссаң аяғыңнан шалдырарсың,
Жұлқыссаң жыртылмайды жаға қалай?
Әттең, ағалар-­ай!
Ағалар­-ай!
Ит қоссаң үнсіз қалмас абаламай.
Әрқашан аттың басын түзу ұста,
Саныңды сүрінген соң сабаламай.
Құйрығын қырық мәрте баса берсең,
Жыландай бәле, шіркін, шағады оңай.
Әттең, ағалар­-ай!
Ағалар­-ай!
Бола ма оң­солыңды шамаламай?
Қалың ел қоршап тұрған қара орманың
Қысады құшағына жан анадай.
Басына баданадай бұршақ жауса,
Тоғайды торғай тұрмас паналамай.
Әттең, ағалар-­ай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Туған жерге

  • 0
  • 0

Туған жер, сенен кетерде
Жабығып, қатты жүдедім.
Ұшырсам саған жетер ме
Көгершін – менің жүрегім?..

Толық

Дариға-дәурен

  • 0
  • 0

Аққу-қаз әуелейді қалықтаған,
Қайтейін, қанатым жоқ, қалып барам.
Жүрегім құс боп ұшып кетті-ау бірге,
Жылатып жалғыз қалай алып қалам,

Толық

Суығыңа тоңбас ем

  • 0
  • 0

Суығыңа тоңбас ем,
Жүрегіңді куә ғып.
Күтпесің бар, сонда сен
Неге қалдың мұңайып?!

Толық

Қарап көріңіз