Туған жерге – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Туған жерге» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 2172
Туған жер, сенен кетерде
Жабығып, қатты жүдедім.
Ұшырсам саған жетер ме
Көгершін – менің жүрегім?..
Сапарым, бәлкім, шөлдетер,
Күтетін алдан бақ қанша?
Жанымды бір күй тербетер
Жоғымды іздеп тапқанша.
Жылдардың желі қуалап,
Қиырда жүрсем қыр кезіп,
Жатпа сен мені кінәлап,
Кетті деп туған ұл безіп.
Жарасып сұлу жазбенен,
Көктемгі гүлге оранам.
Жарысып аққу-қазбенен,
Бұйырса, бір күн оралам.

1970


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері