Түсімде ылғи қаңғып жүрем

Бұл бетте «Түсімде ылғи қаңғып жүрем» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 907
Күннен­күнге құбылады замананың түр­түсі,
Бұлаңдаса, мың алдаса уақыттың қу түлкісі.
Көне тарих ақырады әлсін­әлсін оянып,
Қызыл иек кәрі арыстан азуда жоқ бір тісі.
Қалжыраған қарияға айырылған күшінен,
Қарақорым күбірлейді көңіл айтып ішінен.
Меңірейген ескі мола құлағына қонып ап,
Саңғырығын танығансып тоңқаңдайды күшіген.
Айдалада аңырайған балбал тастан шықпайды үн,
Түсініксіз бұл әлемнен дегендей түк ұқпаймын.
Тілдесе алмай тұншығады зіл батпанның астынан,
Аруағымды сансыратқан, қансыратқан түп қайғым.
Сан ғасырдың отқа оранды жайнаған гүл шешегі,
Бүгінгіге қызық аңыз – көзден көшкен кешегі.
Маған салса, тұлпар мінген патшалардың көбінен
Ақылдырақ көрінеді Қожанасыр есегі.
Талай тажал тап бергенде аузын ашып арандай,
Қожекеңе көк есегі қорған болған қамалдай.
Адамзаттың жадындағы жануарға сыйлауға,
Түсімде ылғи қаңғып жүрем, күміс ноқта таба алмай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түсімде ылғи қаңғып жүрем өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Түсімде ылғи қаңғып жүрем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түсімде ылғи қаңғып жүрем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түсімде ылғи қаңғып жүрем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері