Өлең, жыр, ақындар

Сыр

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 958
(Айбек Кәрімовке)

Бауырым, көп нәрсеге өкінем мен,
Бұл ағаң найзағайдың отын емген.
Қаратып екі жаққа екі бетін,
Бір тауды тағдыр шығар екі бөлген.
Амал жоқ бөлінгенді бүтіндеуге,
Бір басын қалың шүршіт түтіп жеуде.
Сөгілсе Тарбағатай жон арқасы,
Менің де беломыртқам күтірлеуде.
Сол таудың сен де ұланы, мен де ұланы,
Әу десек, жақпар тасы жаңғырады.
Шертіп ең шерге толы шежіресін,
Шымырлап көкірегім қан жылады.
Сөйлеші тау тілінде, тас тілінде,
Аспанның күмбірлесін асты мүлде.
Барқытбел – бабаң жатқан алып бесік,
Бесіктің өксігенін естідің бе?
Уілдеп үлбіреген жан­жүрегім,
Мәңгілік сол бесікте қалды менің.
Жас буып жанарымды бара жатыр,
Бетін бұр басқа жаққа әңгіменің...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Іргем бүтін тұрғанда...

  • 0
  • 0

Байтақ елмін басынан сөз аспаған,
Өз өлеңім өзіме – өз астанам!
Илеуіңе қашанғы көне берер
Қазақ жыры зорлықтан көз ашпаған?!

Толық

Өкініп қалмас үшін

  • 0
  • 0

Гүл көктем,
Қызық көктем,
Жалын көктем!
Сарылып аңсады ғой жаным көптен.

Толық

Ай, сәулем

  • 0
  • 0

Ай, сәулем
Күлкіңнен маржан тамшылағандай,
Көзіңе қайтіп жан шыдағандай.
Несіпбек Айтұлы

Толық

Қарап көріңіз