Өлең, жыр, ақындар

Ей, мұңлығым!

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 897
Бір түлейін, сілкінейін,
Жалғастырып жолды қашық.
Ақ жаңбырдай сіркірейін,
Кеудемдегі шаңды басып.
Білесің ғой мән­жайымды,
Бетпақ шөлдей қалдым қаңсып.
Жібітейін таңдайымды,
Мөлдірім­ау, алдымнан шық!
Көкте жүрген кезбелердей,
Не сұрайсың көшкен бұлттан?
Жер бетінде аз ба мендей
,
Жоқты іздеумен бас қаңғыртқан?
Жата алмадым салқын белде,
Ат сауырын күн қақтырдым.
Таба алмаспын, бәлкім, мен де
Құпиясын жұмбақ сырдың.
Тағдыр бізді аяған ба,
Кейпімді кеп көрсең еді.
Ей, мұңлығым, сәл аялда,
Мүсіркегің келсе мені!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ана дауысы

  • 0
  • 0

Құлыным­ау, анашың қалды қайран,
Естідім деп осынау әнді қайдан, әнді қайдан.
Шырқалғанда «Жас қазақ» сені ойлаймын,
Көз алдыма елестеп қанды майдан, қанды майдан.

Толық

Қара тон

  • 0
  • 0

Бұл өмірде кім жылап, кім күлмейді,
Жан жарасын жақсылар білдірмейді.
Қара тонның ішінде кім жүрмейді,
Қара жердің қойнына кім кірмейді?

Толық

Елбасы

  • 0
  • 0

Кісімін ата көрген, ана көрген,
Көтердім көптің жүгін шама келген.
Батасы Мұқағали қабыл болып,
Сөзіме қалың елім баға берген!

Толық

Қарап көріңіз