Туған жер – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Туған жер» атты Несіпбек Айтұлы жазған туған жер туралы өлең берілген.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 2116
І
Көзімде тұнасың
Жас болып мөлдіреп.
Алдымнан шығасың
Анамдай елжіреп.
Аяулы сезімсің,
Ешкімге қимаған.
Туған жер, өзіңсің
Өмірді сыйлаған.
Бәрі де есімде
Балалық шағымның.
Ойнаған төсіңде
Күндерді сағындым.
Жетемін елесің
Шақырса бұлдырап.
Аңсаған енесін
Құлындай құлдырап.

ІІ
Өзіңсіз күнім күн бе екен,
Өзіңсіз түнім түн бе екен?
Тауыңда өрген киіктің
Тұяғы бүтін жүр ме екен?
Өзіңмен ғана нұрлы екем,
Өзіңмен ғана құнды екем.
Көгіңде ұшқан құстардың
Қанаты бүтін жүр ме екен?
Ай ма екен, әлде жыл ма екен,
Айналып саған бір жетем.
Төсіңде жүрген бауырдың
Бауыры бүтін жүр ме екен?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері